Теңгенің құлдырауына байланысты жалақы өсе ме
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Ол қазақстандықтардың табысын арттыру мәселесі Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы екенін атап өтті.
Қазір біздің министрлік жергілікті атқарушы органдармен, кәсіпорындармен жұмыс істеп жатыр. Кімнің айлығы медиандық жалақыдан төмен екеніне талдау жүргізіп жатырмыз. Елімізде медиандық жалақы 157 мың теңгені құрайды. Жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің мұң-мұқтажын түсініп, қолдау көрсетуі керек, – деді Шәпкенов Мәжіліс кулуарында.
Айтуынша, ведомство осы мәселеге қатысты Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.
Біз қазір Ұлттық экономика министрлігіндегі әріптестермен экономикамыз қандай сценарий бойынша жүретінін талқылап жатырмыз. Осыдан кейін белгілі бір тұжырымдар жасалады, – деді министр.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 19:01
Елімізде майлы дақылдар өңделетін зауыт пайдалануға беріледі
Бүгін, 16:13
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді