Тоқаев Ұлттық банк төрағасының есебін тыңдады
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Мемлекет басшысы Ұлттық банктің әлемдегі геосаяси жағдайға және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттері туралы есебін тыңдады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, соның ішінде халықтың теңгемен салған салымдарын қорғау, сыртқы және ішкі секторлардағы негізгі қатерлер ескеріле отырып, ақша-несие саясатының іске асырылу барысы туралы баяндалды.
Ғалымжан Пірматов валюта нарығындағы ахуал, Ұлттық банктің алтынвалюта резервтерінің және Ұлттық қор активтерінің жай-күйі туралы айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Ұқсас жаңалықтар
15 қараша, 2024
Қазақстандықтар бір айда 164 мыңдай автокөлік сатып алды
15 қараша, 2024
Ұлттық Банк цифрлық инвестициялық монета шығарады
13 қараша, 2024
Ислам даму банкі Қазақстанның су саласына $1,15 млрд инвестиция салады
12 қараша, 2024
Ұлттық банк ескі 5 мың теңгелік банкноттарды ауыстыру мерзімін ұзартты