00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ҚР СІМ: Украинадағы қазақстандықтар арасында зардап шеккендер жоқ

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ҚР СІМ: Украинадағы қазақстандықтар арасында зардап шеккендер жоқ

Украинадағы әскери қимылдар басталғанға дейін «Air Astana» ұшақтары тұрақты рейстер жасап тұрды. Азаматтар кез-келген уақытта ұша алды, ешқандай кедергі болған жоқ. Украинаның аспаны ашық болды. Азаматтардың елден кету мүмкіндігі де болды. Біз қазақстандықтарға Украинадан кетуіңіз керек деп бұйыра алмаймыз. Елде қала ма, кете ме, әр азамат өзі шешеді және біз осыған дейін де, алдағы уақытта да тек Украина берген ресми ақпаратты тарататын боламыз, - деді Айбек Смадияров министрлікте өткен баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ министрлік өкілі қазақстандықтар арасында зардап шеккендер бар ма деген сауалға жауап берді. 

Бақытымызға орай, зардап шеккен азаматтар жоқ. Әзірге бізге ондай ақпарат келіп түспеді. Бәрі жақсы болады деген үміттеміз, - дейді ол. 

Бұған дейін Киевтегі Қазақстан елшілігінің штаттық режимде жұмыс істеп тұрғаны айтылды.