«Әншің – имам, ақының – блогер, актерің – психолог...»: Бағлан Әбдірайымов өмір жайлы ой-толғауын бөлісті
Ол қазіргі қоғамда бақытты болудың құпиясы мен баюдың жолын нақты айтып жүрген адамдардың көбейіп кеткенін жеткізді.
Әнші имамдық роль атқарып, ақының блогер болып, актерің психолог болып, спортшың уағыз айтып, алқашың ән айтып, танымалдар қайырымдылық жасап, бірінің ақшасын біріне жамап посредник боп, бәрі «91», бәрі «Скриптонит», ақыл айтқыш, данышпан, бақытты болудың құпиясын дәл білетін, баюдың жолын нақты айтатын, түп санаңа скрин жасап беретін, бизнесменің әулие болып, тұлғаң сатқын болып қайнап жатқан өмір - ай! Не боп кетті өзі? – деп жазды ол.
Әнші Ескендір Хасанғалиев, Жақсылық Үшкемпіров, Әбдіжәміл Нүрпейісов секілді азаматтарды үлгі тұтатынын жасырмады.
Жүрісінен жаңылмаған, репертуардан айнымаған, кісілігіне кір келтірмеген жандар қалды ма өзі? Ескендір Хасанғалиев, Жақсылық Үшкемпіров, Әбдіжәміл Нүрпейісов аталарымыздай, көкелеріміздей таза өмір сүруді баршамызға нәсіп етсін", - деді ол.