00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде шенеуніктерден тәркіленген ақшаны жинайтын жаңа қор құрылуы мүмкін

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде шенеуніктерден тәркіленген ақшаны жинайтын жаңа қор құрылуы мүмкін

Euractiv порталының мәліметіне қарағанда, Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа қоғамдық қор құру туралы шешім қабылдағанын» айтқан. Басылым дерегі бойынша, қор сыбайлас жемқорлық жасаған шенеуніктерден тәркіленген мүлк есебінен қаржыландырылады.

Бұл ретте әңгіме 11 қаңтарда Мәжілісте Мемлекет басшысы құруды тапсырған «Қазақстан халқына» қорына қатысты ма, жоқ па, нақтыланбаған.

Мен бұл Президенттің де, Үкіметтің де, басқа да мемлекеттік органның қоры емес екенін баса айтамын. Бұл – барлық қазақстандықтың қоры. Бұл – халық қоры. Ол әкімшілік немесе Үкімет қарамағында жұмыс істемейді. Біз оның қызметінің толық ашықтығын, қоғам алдындағы есептілігін қамтамасыз етеміз, – деген еді Президент.