00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Тоқаев ұлттық компаниялардың сатып алулар тәртібін қайта қарастыру керек екенін айтты

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тоқаев ұлттық компаниялардың сатып алулар тәртібін қайта қарастыру керек екенін айтты

Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларының ашықтығына қатысты мәселелер бар екеніне тоқталды.

Президенттің айтуынша, осы орайда шағымдар жиі түсіп жатыр. Сондықтан бұл мәселелерге қатысты шешім жасалуы керек. Бұл тұрғыда «Самұрық-Қазына» қоры мен басқа да ұлттық компаниялардың сатып алулары тәртібін қайта қарастыру міндеті алда тұр.

Өткен жылы реттелетін сатып алулар туралы заң шықты. Алайда мәселелердің көбі бұрынғысынша заңға тәуелді актілер мен қордың шешімі деңгейінде шешіліп келеді. «Самұрық-Қазына» ережелері мен рәсімдерін Қаржы министрлігі мен Бәсекелестікті қорғау және даму агенттігімен келісуді қамтамасыз ету керек,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.