00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мемлекет басшысы кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетінін айтты

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мемлекет басшысы кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетінін айтты

Мемлекет қаржылай көмекпен қатар кәсіпкерлерге басқа да қолдау түрлерін көрсетеді. Атап айтқанда, несиелер бойынша, пайыздық төлемдер, айыппұл мен өсімпұл тоқтатыла тұрады. Еліміздің қауіпсіздігін нығайту, қауіптің алдын алу үшін шұғыл шараларды жүзеге асыру қажет. Біз сарбаздарды әскери техникалық, қару-жарақты қажетті жерге жедел жеткізу үшін әскери авиациялық көлікпен толтыру ісін қолға аламыз. Көші-қон, соның ішінде ішкі көші-қонды тәртіпке келтіретін кез келді. Шұғыл түрде қираған ғимараттарды қалпына келтіріп, бейнебақылау жүйесін іске қосу қажет, – деді Президент. 

Мемлекет басшысы өз сөзінде қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіне алатын кәсіпкерлеріміздің ауқымды тобы тұратынын айтты.

Бұл – өзінің және бала тағдырын Қазақстанмен ғана байланыстыратын кәсіпкерлер. Дәл осы кәсіпкерлер ел болашағы үшін өзіне жауапкершілік алуға дайын. Сол себепті кәсіпкерлікті дамыту үшін жүйелі жұмыс атқару өте маңызды. Мен бизнеске түскен барлық салмақты айтарлықтай азайтып, оның өсіп-өркендеуіне жол ашатын заңға қол қойдым. Үкімет осы заңның әлеуетін нақты іс жүзінде пайдалану қажет, – деді Тоқаев.