Еліміздегі тәртіпсіздіктер кезінде бизнеске келтірілген шығын 92,3 млрд теңгеден асты
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
«Атамекен» ҰКП-ның мәліметінше, залалдың жалпы сомасы, шамалап есептеулер бойынша, 92,3 млрд теңгеден асты. Алматыдағы шығын 90,7 млрд теңге көлемінде.
9 қаңтар, сағат 09.00-дегі жағдай бойынша, сall-орталыққа 2320 қоңырау келіп түсті. Оның ішінде: тонау мәселелері бойынша – 1127, форс-мажор бойынша – 26, блок-бекеттер бойынша – 2, жеке тұлғалардың қоңыраулары бойынша – 1052 өтініш берілді. Еліміздің 10 өңірінде 1351 объектіде орналасқан 1181 бизнес нысаны зардап шеккен. Оның ішінде Алматыда – 1091 объектіде орналасқан 935 субъект бар, - делінген хабарламада.
Кәсіпкерлер палатасының ақпараты бойынша, сауда саласында – 1122; қоғамдық тамақтандыру саласында – 17; қаржы секторында – 31, логистика саласында – 8 нысан зардап шеккен.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елімізде майлы дақылдар өңделетін зауыт пайдалануға беріледі
22 қараша, 2024
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді