00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде азық-түлік бағасы төмендеді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде азық-түлік бағасы төмендеді

Жиын барысында өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға төмендегені белгілі болды. Бағаның ең көп төмендеуі Түркістан облысында және Нұр-Сұлтан қаласында (-0,6%), Жамбыл облысында (-0,3%), Шымкент қаласында (-0,2%) тіркелді.

Тауарлар бөлінісінде республика бойынша сәбіз (-2,2%), картоп (-0,5%), пияз және рожки (-0,4%), сиыр еті (-0,3%), күріш (-0,2%), сүт және қарақұмық (-0,1%) бағасының төмендеуі байқалады. Қалған өнімдер бойынша бағалар тұрақты.

Премьер-министр орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және төмендету бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Бағаны төмендету қарқынын арттыру және мереке алдындағы кезеңде барлық қолданыстағы құралдарды қолдана отырып, барынша бақылауды қамтамасыз ету қажет. Тауар интервенциясын уақытылы жүргізу және келісімшарт жасалған көлемдердің жеткізілуін қамтамасыз ету қажет. Мереке күндері тауарлардың жасанды тапшылығына жол беруге болмайды, - деді Асқар Мамин.