00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда сұйытылған газдың бағасы да бой бермей кетті

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда сұйытылған газдың бағасы да бой бермей кетті

Бұған Атырау мұнай зауытының жөндеуге жабылуы және электронды сауда алаңдарында бағаның күрт өсуі себеп. Облыста айлық қажеттілік – 3 мың тонна болса, қазір бар-жоғы 230 тонна газ қалған.

Ал СҚО-да сұйытылған газ бағасы 1,5 айда 50 теңгеге қымбаттап отыр. Бүгінде жанармай құю бекеттерінде литрі 130 теңгеден сатылуда. Өңірге арзандатылған бағамен 1700 тонна газ бөлінген. Бірақ ол жеткіліксіз. Өйткені аймақ халқы айына 6 мың тонна автогаз тұтынады. Сондай-ақ «АИ-92» маркалы бензин де 11 теңгеге қымбаттаған.

«Электрондық саудада газ қымбаттап кетті. Сондықтан сұйық отынмен қамтушы компаниялар да бағаны көтеруге мәжбүр. Өйткені олар тек шығынға ұшырайын деп тұр. Қазір облыс қорында 1300 тонна сұйық отын бар, тағы 500 тоннасы жақын күндері келуі тиіс», - дейді облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы Ерлан Қайырбеков.

Сондай-ақ Қызылордада сұйытылған газдың басым бөлігі Ақтөбе облысынан тасымалдануда. Жергілікті мұнай-газ кеніштерінен қажетті көлемде шикізат шығып жатқан жоқ. Ал баға 77-ден 115 теңгеге бір-ақ көтерілген.