00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл байланыс операторларына 92 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл байланыс операторларына 92 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

«Ауылға талшықты-оптикалық байланыс желілері «ТОБЖ» жобасы аясында 1257 ауылдағы 3718 мемлекеттік орган мен бюджеттік ұйым интернетпен қамтамасыз етілді. 20 000 шақырым жерге талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылды. Қазақстандағы 5214 ауыл, 88 қала және 30 қала үлгісіндегі кент ғаламторға кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етілген», - деді Бағдат Мусин.

Десе де, шалғай ауылдардағы интернет мәселесі әлі де оң шешімін таппай келеді. Бұл тұста министрлік те бірқатар елді мекенде интернеттің сапасына қатысты проблемалардың анықталғанын алға тартып отыр. Бұл тұста 1 178 елді мекеннің 127 мың тұрғыны әлі де мобильді интернетке қол жеткізе алмай отырғанын атап айтқан жөн. Алайда, 561 ауыл 2024 жылға дейінгі кезеңде салық жеңілдіктері есебінен байланыс операторларымен КЖҚ қамтамасыз етілетін болады.

Сондай-ақ, мінберде сөз сөйлеген министр Мусин байланыс сапасын бақылау аясында ұялы байланыс операторлары сапасыз қызмет көрсеткен жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын атап айтты. Яғни, жыл басынан бері министрлік өкілдері байланыс операторларына 408 тексеру жүргізіп, жалпы 92,1 млн теңгенің айыппұлын салған.