Қазақстандықтар ас-ауқатты азайтып, дүние-мүлік сатып алуды көбейтті
Өңірлерге шақсақ, ритейлдің үштен бір бөлігі Алматыға тиесілі: мұнда оның тоғыз айдағы көлемі 2,9 трлн теңгені құрайды.
Нұр-Сұлтанда да бөлшек сауданың көлемі айтарлықтай үлкен, 1 трлн теңгеден сәл асады.
Барлық өңірде де бөлшек сауда көлемі былтырғы көрсеткіштен көбірек. Ең елеулі өсім Алматыда (12,6%) тіркелді, одан кейінгі орында Шымкент пен Маңғыстау облысы (8,1%) келеді.
Ең төменгі өсім Солтүстік Қазақстан (0,2%), Ақмола және Алматы облыстарында (0,6%) байқалды.
Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлардың үлесі басым. Олар биылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында барлық ритейлдің 64%-ын (5,9 трлн теңгені) құрады, бұл былтырғы көрсеткіштен 10,1%-ға артық.
Азық-түлік тауарларынан 3,3 трлн теңге түскен. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1,2%-ға аз.
2021 жылғы қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында азық-түлік тауарларының бағасы былтырғы кезеңмен салыстырғанда 10,8%-ға өсті. Бұл кейінгі бес жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып есептеледі.
Ал азық-түлік емес тауарлар орташа есеппен 6,5%-ға қымбаттаған. Бұл – кейінгі үш жылдағы ең жоғары көрсеткіш.