00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мемлекет басшысы Қарағанды ​​облысында жаңа фабриканы іске қосты

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мемлекет басшысы Қарағанды ​​облысында жаңа фабриканы іске қосты

Кен байыту фабрикасының құрылысына 2500-ге жуық адам тартылған. Жәйрем кенті үшін жаңа жобаның іске қосылуы жаңа өмір мен дамудың зор келешегіне жол ашады деп күтілуде. Кен байыту кешені Қазақстанда мырыш пен қорғасын концентраттарын шығаратын ең ірі кәсіпорын болады. Өндірісте жалпы 400 адам жұмыспен қамтылады.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, жаңа жобаның жергілікті экономика үшін маңызы зор. Фабриканың арқасында шығарылатын өнім түрлері көбейеді және өндіріс көлемі 2,5 есе артады. Сондай-ақ өңделген өнімнің экспорты ұлғайып, салық түсімі 1,5 млрд. теңгеге көбейеді. Байыту фабрикасының іске қосылуы Жәйремді ғана емес, тұтастай Қарағанды облысын дамытудың жаңа кезеңі болмақ. Мұнда жылына 5 млн. тонна кен өңделеді. Бұл кәсіпорынның кемінде 15 жыл жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бас мердігер – «Қазмырыш» компаниясы кенттің дамуына 5 млрд. теңгеге жуық қаражат құйған. Жергілікті ауруханаға заманауи жабдықтар сатып алынып, құзыреттерді дамыту орталығы құрылды және коммуналдық саланы жаңғырту мен дамытуға жыл сайын қаржы бөлінеді.

Шара соңында Президент кәсіпорынның еңбек ұжымына және осы ірі жобаны іске асыруға атсалысқан барша азаматтарға ризашылығын білдіріп, табыс тіледі.