00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Вакцина салдырған студенттер iPhone және басқа да бағалы сыйлықтар ұтып алуда

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Вакцина салдырған студенттер iPhone және басқа да бағалы сыйлықтар ұтып алуда

Бүгінгі таңда С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның 99%-ы екпе салдырды. Бірінші болып вакцина алған білім алушылар оқу ақысы мен студенттер үйінде тұруға жеңілдіктер алды. Сондай-ақ оларға екпе салдырған оқытушылармен бірге фитнес орталығына абонементтер және демалыс базасына жолдамалар, ағылшын тілін оқыту курстарына сертификаттар мен «IELTS/TOEFL» тестілеуіне дайындық сабақтарына жеңілдіктер берілді.

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде студенттер арасында Түркістан қаласына жолдама ойнатылды. Студенттер мен оқытушылар түркі әлемінің рухани астанасында болып, ежелгі қаланың көрікті жерлерімен танысты.

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында вакцина алған студенттер арасында ұтыс ойынының екінші кезеңі өткізілді. 10 студентке кітап сатып алуға арналған 10 мың теңгенің сертификаттары берілді.

Торайғыров университетінде екпе салдырған білім алушылар арасында iPhone маркалы ұялы телефондар, Баянауыл мен Нұр-Сұлтан қаласына жолдамалар, сондай-ақ жатақханада тұруға 50 пайыздық жеңілдіктер және фитнес-залға абонемент ойнатылды.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде вакцина алған 70 студент 10 мың теңге көлемінде ақшалай сертификат алды.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде екпе салдырған студенттер арасында шипажайға жолдамалар және 25 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар ойнатылып, ұтыс ойынының екінші кезеңі өткізілді. Сондай-ақ білім алушылар спорттық-сауықтыру лагеріне жолдама алды.

Павлодар педагогикалық университетінде студенттер 10 мың теңге сомасында ақшалай сертификаттар, кино мен театр билеттері, жол жүру билеттерін ұтып, сондай-ақ жатақханада тұруға 50% жеңілдік алды.

Қостанай өңірлік университетінде вакцинаның толық курсынан өткен студенттер мен қызметкерлер арасында ұтыс ойыны болды. Жеңімпаздар әскери кафедраның оқу ақысына және жатақханада тұруға жеңілдіктер алды. Қызметкерлер арасында «Сосновый бор» сауықтыру орталығына 10 жолдама ойнатылды.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Мен өмірді таңдаймын!» акциясы ұйымдастырылды. Жеңімпаздар жоғары оқу орнында оқуға жеңілдіктер, сонымен бірге Нұр-Сұлтан және Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан Баб кесенелеріне, Отырар қалашығына, «Керуен-сарай» кешеніне туристік жолдамалар ұтып алды.