00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қорғаныс министрлігі әскери саперлердің күшімен пайдаланылмайтын оқ-дәрілерді жояды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қорғаныс министрлігі әскери саперлердің күшімен пайдаланылмайтын оқ-дәрілерді жояды

Заң жүзінде оқ-дәрілерді кәдеге жарату жөніндегі жұмысты уәкілетті орган – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жүргізеді. Бұл ретте оған ведомстволық бағынысты ұйымдардың оқ-дәрілерді жою бойынша мүмкіндігі шектеулі. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі пайдаланылмайтын әскери мүлікті қоймалар мен базаларда жылдар бойы сақтауға мәжбүр болады.

Оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қорғаныс ведомствосы 2021 жылғы 30 қыркүйекте Үкімет қабылдаған № 964 қаулыны әзірледі. Оған сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, саперлердің күшімен пайдаланылмайтын оқ-дәрілерді қоймалардан әскери полигондарға шығару жұмысын ұйымдастырып, жоятын болады. Тікелей іс-қимыл тәртібін екі министрліктің бірлескен бұйрығы айқындайды.

Қорғаныс министрі 4 қазаннан бастап әскерлерде басталған қорытынды тексеруді сапалы ұйымдастыруға бас қолбасшылар мен қолбасшылардың назарын аударды. Барлық әскери қызметшілер 3 апта бойы оқыту пәндері бойынша сынақ тапсырып, өздерінің кәсіби біліктілігін растауы тиіс. Министр бұл оқу жылындағы жауынгерлік даярлықты бағалаудың негізгі құрамдас бөлігі болатынын атап өтті. Әскери бөлімдердің жауынгерлік әзірлігі, диверсияға қарсы және өртке қарсы қауіпсіздігінің жай-күйі де тексеріледі.

Одан басқа, қорғаныс ведомствосының басшысы оларға сеніп тапсырылған құрамалардағы, бөлімдердегі, бөлімшелердегі әскери тәртіптің жай-күйі бойынша барлық дәрежедегі командирлердің жұмысын бағалауға нұсқау берді.

– Бағынысындағылар арасында құқық тәртібін сақтауда жүйелі кемшілік болған жағдайда, әрбір лауазымды адамға тәртіптік сипаттағы шаралар, тіпті лауазымын төмендетуге және Қарулы Күштер қатарынан шығаруға дейінгі шаралар қабылдануға тиіс, - деді Қорғаныс министрі.

Генерал-лейтенант Мұрат Бектанов алдағы аптада жергілікті әскери басқару органдарынан әскерлерге келе бастайтын жас буынды қабылдау жөніндегі алдағы іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Қолбасшыларға жергілікті жерлердегі казармалық-тұрғын үй қоры мен оқу-материалдық базаның дайындығын, жаңа буынды жинау әкімшілігінің кешегі әскерге шақырылушыларды әскери қызметке бейімдеу жөніндегі жүктелген міндеттерге сәйкестігін жеке тексеру тапсырылды.