00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде медициналық кітапша электронды болады

13 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде медициналық кітапша электронды болады
Фото: egov.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидаларын бекіту қағидаларын әзірледі, деп хабарлады Elorda.info

Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланған.

Құжатқа сәйкес медициналық кітапшаның екі нұсқасы қолжетімді болады:  

жеке медициналық кітапша – жұмысқа жіберу туралы белгісі бар міндетті медициналық қарап-тексерулердің нәтижелері енгізілетін дербес құжат;

жеке электрондық медициналық кітапша – түпнұсқа құжаттың түрі мен ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толық жаңғыртатын құжат.

Жеке медициналық кітапша жұмысқа жіберілгені туралы белгімен беріледі. Электрондық медициналық кітапша жұмысқа жіберу туралы белгісі бар электрондық-цифрлық нысанда беріледі және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады.

Бұдан бөлек жеке медициналық кітапша қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылады.

Электрондық жеке медициналық кітапша келесі деректерді қамтиды:

Жеке медициналық кітапшадағы иесінің фотосуреті электрондық форматта бекітіледі.

Жеке куәлік немесе паспорт бойынша жеке медициналық кітапшаның иесі туралы мәліметтер, оның жеке қолы, жеке медициналық кітапшаның сериясы мен нөмірі көрсетіледі.

Жеке медициналық кітапша иесінің кәсібі мен лауазымы, жұмыс орны, туған күні, тұрғылықты жері көрсетіледі.

Жеке медициналық кітапшада күні, тегі, аты-жөні, ЭЦҚ, маманның қолы және денсаулық сақтау субъектісінің QR-коды көрсетілген жұмысқа жіберу мерзімі көрсетіледі. Мәліметтердің дұрыс емес немесе дұрыс жазылмағаны анықталған жағдайда түзетулерді тиісті жазба енгізілген маман жүргізеді. Жеке медициналық кітапшадағы түзетілген мәліметтер маманның жеке электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады, - делінген құжатта.

Құжатты көпшілік талқылау 26 сәуірге дейін деп көрсетілген.