Дәрігерлер 45 жыл бұрын келіншектің тізесіне кіріп кеткен инені алды
Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 45 жыл бұрын оң аяғының тізе буынына тігін машинасының инесі кіріп кеткен әйел түскен, деп хабарлады Elorda.info.
Әйелдің айтуынша, бала күнінде жараттанған. Сол кезде инені алып тастау үшін операция жасалған, бірақ ине табылмаған.
Осы жылдар ішінде ине мазамды алған жоқ, биыл ғана қатты ауырып, күннен-күнге асқына түсті. Ақсаңдап жүре бастадым. Сондықтан, стационарға жүгіндім. Маған рентген жасап, операция жасау қажет екені айтылды, – деді ол.
Аурухана травматологтерінің инені алып тастау бойынша жасаған ота жарты сағатқа созылған. Отадан соң әйел ақсаңдап жүруін қойды әрі ауруы басылды.
Операцияны жасаған травматолог Дәулет Чукмановтың айтуынша, көп жылдар ішінде ине инкапсуляцияланған.
Операция сәтті өтті, ине алынып тасталды, – деді ол.
Өз кезегінде әйел дәрігерлерге кәсібилігі үшін алғысын білдірді.