00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Армениялық делегация қазақстандық МСАК тәжірибесін зерделеді

20 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Армениялық делегация қазақстандық МСАК тәжірибесін зерделеді
коллаж Elorda.info

Бұл күндері Армениядан келген делегация озық тәжірибені зерделеу мақсатында Алматы облысының Есік қаласындағы Еңбекшіқазақ ауданаралық көп бейінді ауруханасында ДДҰ-ның  медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету платформасына барды, деп хабарлады Elorda.info.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, делегациялардың қатарында Армения Денсаулық сақтау министрлігінің, өңірлік денсаулық сақтау департаменттерінің, университеттер мен бейінді қауымдастықтардың өкілдері, екі елдің денсаулық сақтау менеджерлері мен практиктері Алматыда тәжірибе алмасу және кәсіби байланыстарды нығайту үшін жиналды.

Сапардың басты бағыты - отбасылық дәрігерден, психологтан, әлеуметтік қызметкерден және кеңейтілген өкілеттіктері бар мейіргерлерден тұратын көп бейінді командаға негізделген Қазақстанда енгізілген МСАК моделін егжей-тегжейлі және практикалық зерделеу болып табылады.

5 күн бойы делегация созылмалы аурулардың профилактикасы мен тиімді емдеуде кеңейтілген мүмкіндіктерге бағытталған МСАК-тың жаңа моделін құру стратегиясымен егжей-тегжейлі танысты.

Армения өкілдерінің сұратуы бойынша бейімделген сапар бағдарламасына МСАК-ты қаржыландыру, МСАК-тың сапасын басқару, персоналды қайта даярлау, қалалық және ауылдық ортада медициналық қызмет көрсету ерекшеліктері, инновациялық тәсілдер-телемедицина, мобилдік медициналық көмек мәселелері де кірді.

"Біз өзімізде, біріншіден,дәрігер тобында кеңейтілген өкілеттіктері бар үш мейіргер бар отбасылық медицина моделін қолданғымыз келеді. Екінші мәселе – медициналық көмек көрсету көлемі - бұл профилактикалық жұмыс және пациентті бағыттау. Үшіншісі - ауыл тұрғындарының қалалық тұрғындармен байланысы, яғни бағыттау және жылжымалы пункттер, өйткені біздің елімізде таулы жерлерде ауыр жолдармен жету қиын жерлер көп, ал мобилдік топтар біз үшін де өзекті", – деп бөлісті Армения Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Артак Жұмаян. 

ДДҰ МСАК демонстрациялық платформасы – ДДҰ Еуропалық бюросының инновациялық өнімі екенін естеріңізге сала кетейік. МСАК-тың алғашқы демонстрациялық платформасы 2022 жылдың наурыз айында Алматы облысының Есік қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Еңбекшіқазақ ауданаралық көп бейінді аурухана базасында ашылды.

Армения делегациясының жоғары деңгейдегі сапары - ол ашылған сәттен бастап ДДҰ-ның МСАК бойынша демонстрациялық платформасына бесінші сапары. Бұған дейін Қазақстанның озық тәжірибесін Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан делегациялары алған болатын.