00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматыда 53 жастағы әйел жас жігітке жүрек доноры болды

20 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматыда 53 жастағы әйел жас жігітке жүрек доноры болды
фото: ҒЗИ баспасөз қызметі

Алматыда донорлық жүректің алғашқы трансплантациясы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да белгілі кардиохирург Юрий Пяның тікелей басшылығымен жасалды, деп хабарлады Elorda.info мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басқарма төрағасы Марат Пашимовтың айтуынша, органдардың донорлығы бойынша құқықтық және заңнамалық базаның құрылуы еліміздің медициналық орталықтарында органдарды трансплантациялау бойынша ота жасауға мүмкіндік берді.

Алматының 53 жастағы тұрғыны органдар доноры болды. Ол екінші рет мидың өліміне әкеп соқтырған ишемиялық инсультқа шалдыққан.  Биыл 13 шілде күні туыстарының келісімінің арқасында 13 жасынан бері күрделі жүрек ауруынан зардап шегіп жүрген 23 жастағы жас жігіттің өмірі сақталды. Жүрек ауруының өршуі басқа ота жасауға және жүрек трансплантациясынсыз ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бермейді. Енді науқас жүректі сау жүрекке ауыстырғаннан кейін пациент сапалы және ұзақ өмір сүре алады, - дейді кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев.

Оңтүстік астанада алғаш рет жүргізілген жүрек трансплантациясы операциясының сәтті өтуіне ешкім күмәнданбады. Себебі үлкен команданы әйгілі кардиохирург Юрий Пя басқарды. Бүгінде науқастың  жағдайы тұрақты.

Қазір мен өзімнің жағдайымды әлі нақты бағалай алмаймын. Өйткені  оңалтудан өтуім керек. Бірақ, жалпы, өзімді жақсы сезінемін. Жүрек ауыстыру операциясына қуана келістім. Маған өмір сүруге мүмкіндік берген барлық дәрігерлерге, хирургтарға алғыс айтамын. Бәрі жақсы болатынына сенемін, – деді 23 жастағы науқас.