Ұлттық ғылыми онкология орталығы мемлекет меншігіне өтті
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
Үкімет 2023 жылғы 22 ақпанда «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС жарғылық капиталындағы үлесті сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.
Жеке серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне берілді.
«Тұрар Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 100 пайыз қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысын қабылданды, – делінген құжатта.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елорда емханаларында Face ID көмегімен пациенттерді қабылдау жүргізіліп жатыр
21 қараша, 2024
Сіз дұрыс тамақтанып жүрсіз бе
20 қараша, 2024
Риддердегі аурухана құрылысын аяқтауға 28 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
13 қараша, 2024
Енді Алматыда балалардың күрделі көз аурулары лазердің көмегімен емделетін болады