Елордалық 8 дәрігер Түркияға көмекке аттанады
31 наурыз, 2023
Айман Нығмет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісінен зардап шеккендерге шұғыл көмек беруді тапсырды. Осы орайда Қазақстаннан Түркияға медициналық көмек көрсетуге дәрігерлер бригадасының құрамына Астана қаласының 8 дәрігері ұсынылды, деп хабарлады Elorda.info.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, дәрігерлер қатарында елордамыздың білікті дәрігерлері: терапевт, анестезиолог-реаниматолог, нейрохирург, травматолог мамандар бар. Ақ халатты абзал жандардың жалпы еңбек өтілі 3 жылдан 29 жылға дейін құрайды.
Айта кетейік, жалпы 30-дан астам маманнан өтініш келіп түскен.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елорда емханаларында Face ID көмегімен пациенттерді қабылдау жүргізіліп жатыр
21 қараша, 2024
Сіз дұрыс тамақтанып жүрсіз бе
20 қараша, 2024
Риддердегі аурухана құрылысын аяқтауға 28 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
13 қараша, 2024
Енді Алматыда балалардың күрделі көз аурулары лазердің көмегімен емделетін болады