00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Словакиядан Қазақстанға Pfizer вакцинасының 210 мың дозасы келді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Словакиядан Қазақстанға Pfizer вакцинасының 210 мың дозасы келді

Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде коронавирус инфекциясына қарсы Pfizer вакцинасының 210 мың дозасын алған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлады Elorda.info. 

Бізге Словакиядан гуманитарлық көмек келді. Екпе алғысы келетін барлық азаматтарға мүмкіндік береміз. 210 мың доза Pfizer бар. Негізінен халық ревакцинацияны бір дозамен алады, деді министр Сенатта өткен Үкімет сағатында.

Ажар Ғинияттың айтуынша, Қазақстанда вакцинаның үш түрі бар. Бұл – шамамен 700 мың доза QazVac, Sinopharm және Pfizer.

Екпе егу жүріп жатыр, халық күн сайын ревакцинация алады, 2-3 мыңға жуық адам егіледі, олар қайта вакцинацияға барады, – деп қосты министр.