00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ажар Ғиният Екібастұз ауруханаларындағы жағдайға қатысты түсінік берді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ажар Ғиният Екібастұз ауруханаларындағы жағдайға қатысты түсінік берді

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Екібастұз ауруханаларындағы жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлады Elorda.info.

Екібастұз қаласының медициналық ұйымдарына тоқталсақ, апат болған алғашқы күннен бастап бақылауға алынды. Екі-үш сағат сайын Денсаулық сақтау министрлігіне ақпарат түсіп тұрады. Бүгін аурухана палаталарында ауа температурасы 21-22 градус болса, кейбірінде 24-ке жетті», - деді А. Ғиният.

Министрдің айтуынша, Екібастұздағы дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.

Апат болған алғашқы күннен бастап ауыр жағдайдағы науқастар, жүкті әйелдер шұғыл түрде Павлодарға жеткізілген. Ал тиісті жағдай жасалған ауруханаларда науқастар емделіп жатыр. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Министрлік ондағы денсаулық сақтау нысандарына қатысты жағдайды қадағалап отыр. Сонымен қатар бейнебақылау жүйесі арқылы да көмек көрсетіледі. Босанатын әйелдер бірден Павлодарға жіберіледі, - деді министр.