00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада науқасқа бірегей ота жасалды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Астанада науқасқа бірегей ота жасалды

Астанада №3 көпбейінді қалалық аурухананың мамандары плацентаның толық ауытқуымен орналасуы байқалған науқасқа бірегей ота жасады, деп хабарлады Elorda.info елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мұндай жағдайда қан кетудің, ана мен бала өлімінің қаупі жоғары. Соңғы уақытқа дейін дәл мұндай диагноздан кейін пациенттер босанғаннан соң жатырын алып тастайтын. Бірақ 2015 жылдан бастап 3 КҚА-ның акушерлік блогында, м.ғ.к., АМУ-нің Акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісі Зайтуна Хамидуллинаның жетекшілігімен ағзаны сақтап қалу операциясының техникасы енгізілді.

Айта кету керек, мұндай операциялар бүгінде әлемнің бірнеше клиникасында ғана жасалады.

Пациент жүктілік кезінде диагнозы туралы біліп, 3 КҚА-дағы орталыққа жүгінді. 34 апта ішінде қан кеткен науқасқа жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер, PhD докторы Айгүл Дүйсембаева ота жасады. Дәрігер күні бүгінге дейін дәл осындай 15 ота жасаған.

Операциялық топ 3 акушер-гинеколог, екі уролог, екі хирург, екі анестезиолог, екі операциялық мейірбикеден құралған.

Операция 2,5 сағатқа созылып, сәтті өтті. 

Бүгінгі таңда ана мен баланың өміріне ештеңе қауіп төніп тұрған жоқ, екеуі де отадан кеінгі ерте қалпына келтіру кезеңінде.