Дәрігерлердің орташа жалақысы қанша теңгеге жетті
31 наурыз, 2023
Айман Нығмет
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің еңбекақысы артқанын мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
2022 жылы медицина қызметкерлерінің жалақысы 421 мың теңгені, ал орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 235 мың теңгені құрады, – деп хабарлады денсаулық сақтау министрі.
Бұған дейін, наурыз айында Ажар Ғиният Қазақстанда 2023 жылға қарай дәрігерлердің орташа жалақысы 550 мың теңгені құрап, елдегі орташа жалақыдан 2,5 есе артық болатынын хабарлаған болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 09:09
Елорда емханаларында Face ID көмегімен пациенттерді қабылдау жүргізіліп жатыр
21 қараша, 2024
Сіз дұрыс тамақтанып жүрсіз бе
20 қараша, 2024
Риддердегі аурухана құрылысын аяқтауға 28 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
13 қараша, 2024
Енді Алматыда балалардың күрделі көз аурулары лазердің көмегімен емделетін болады