Медициналық сақтандыру жүйесінен бас тарту кері кету – министр
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
Бүгін ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жетілдіретінін айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Медициналық сақтандыру жүйесінен бас тарту кері кету болып есептелер еді. МӘМС енгізігеннен кейін былтыр денсаулық сақтау жүйесіне қосымша 0,5 трлн теңге, биыл 800 млн теңге келді, - деді министр.
Сондай-ақ министр бұл қаржының қайда жұмсалатынын айтты.
Бұл қосымша жаңа технолгиялар, қызметтердің аясын кеңейту, құрылғылар сатып алу, денсаулық сақтау саласына инвестиция салу, халықтың тұрмысы мен денсаулығын нығайту сияқты игіліктер деген сөз. Бұлардан қалай бас тарта аламыз? Сондықтан біздің міндет – МӘМС жүйесін жетілдіре түсу, - деді А.Ғиният.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Дәрігер маусымдық аурулардың алдын алудың шараларын атады
19 қыркүйек, 2024
Инфекциялық ауруханаға түскен балалардың 97%-ы екпе алмағандар – маман
18 қыркүйек, 2024
Елордада емханаларға тіркелу науқаны жүргізіліп жатыр
18 қыркүйек, 2024
Елімізде жатыр мойны обырының алдын алу үшін қыздарды вакцинациялау басталды