ӘМСҚ елорда филиалы қоғамдық қабылдауға шақырады
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ-ның елорда филиалы «Amanat» партиясының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысты сауалдар бойынша тұрғын халықпен кері байланыс орнатып, азаматтарды қабылдап, кеңес беру үшін диалог алаңын іске қосқан болатын.
Диалог алаңында ай сайын МӘМС жүйесі бойынша туындаған түрлі мәселелер бойынша қоғамдық қабылдау жүргізіледі. 2022 жылдың 19 шілдесінде болатын кезекті қабылдауда азаматтардың ТМККК аясында және МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу мәселелері талқыланып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Қабылдау барысында төмендегі сауалдар қамтылады:
- МӘМС дегеніміз не?
- МӘМС артықшылығы;
- Медициналық қызмет алушылар;
- Сақтандырылған және сақтандырылмаған пациенттер;
- Сақтандыру мәртебесін анықтау әдістері;
- МӘМС жарналары мен төлемдері бойынша 2022 жылға арналған өзгерістер;
- МӘМС есебінен медициналық көмекті қалай алуға болады?;
- Медициналық ұйымға бекіту тәртібі;
- МСАК деңгейіндегі медициналық көмектің түрлері;
- Стоматологиялық көмек.
Кезекті қабылдауда азаматтардың сауалдарына "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының Халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарастыру бөлімінің басшысы Гуламжан Ырыстайұлы Жұманов жауап береді.
Қоғамдық қабылдау 2022 жылдың 19 шілдесінде сағ.11.00-13.00 аралығында Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік, 3 мекен-жайында болады. МӘМС жүйесіне қатысты сауалдарыңыз болса, Қор мамандарынан тікелей ақпарат алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.
Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда:
Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
@saqtandyrybot телеграмботы
1406 байланыс орталығы
Қордың fms.kz сайты
кері байланыс арналары арқылы Қорға хабарласуға болады.
Сондай-ақ, электрондық үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөліміне өтіп, «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге мүмкіндік бар.