Көлік медицинасы: Шалғай аймақтағы тұрғындар 1,4 млн медициналық қызмет алды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Қазіргі уақытта елімізде 149 жылжымалы медициналық кешен мамандардың медициналық қызметтерін және кең бейінді диагностикалық қызметтерді ұсынады. 2022 жылдың жарты жылында ЖМК қызметімен 14 530 елді мекен қамтылды және 822 325 ауыл тұрғынына қызмет көрсетілді. 358 181 диагностикалық зерттеу, 222 485 зертханалық зерттеу, 787 292 бейінді мамандардың консультациясы жүргізілді, 50 689 науқас анықталды, оның ішінде 12 883 адам есепке алынды. Сондай-ақ, шалғай елді мекендердің тұрғындары медициналық пойыздардан медициналық тексеру мен диагностика алады, - деп жазды ведомство.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 09:09
Елорда емханаларында Face ID көмегімен пациенттерді қабылдау жүргізіліп жатыр
21 қараша, 2024
Сіз дұрыс тамақтанып жүрсіз бе
20 қараша, 2024
Риддердегі аурухана құрылысын аяқтауға 28 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
13 қараша, 2024
Енді Алматыда балалардың күрделі көз аурулары лазердің көмегімен емделетін болады