Covid-19: Көлік құралдарына қойылатын талаптар күшейтілді
Аталмыш құжатқа сәйкес тұрақты жолаушылар тасымалын (әуе, су, темір жол, метрополитен) жүзеге асыратын ұйымдар көлік құралдарындағы ауа баптау, желдету жүйелеріне тексеру жүргізуді және желдеткіш сүзгілерін ауыстыруды; мамандандырылған көлік құралдарын (перрондық автобустарды) қоспағанда, көлік құралына жолаушыларды орындардың санынан аспайтын мөлшерде отырғызу; көлік құралының салонын желдету, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, салонды ылғалды тазалау және ауысым аяқталғаннан кейін қоғамдық көліктерге дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету талап етіледі.
Сондай-ақ қызметкерлердің маскалар мен антисептиктерді міндетті түрде қолдануы; оқшаулау бөлмесі бар медициналық немесе сауықтыру пунктінің тұрақты жұмысы; кемінде 60 минут сайын жолаушыларды радиохабар (дауыс зорайтқыш арқылы хабарлау) арқылы коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары туралы хабардар ету.
«Бұл ретте жолаушыларға әуежайлардың, вокзалдардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің ғимараттарында, қоғамдық көлікте жүргенде бетперде кию ұсынылады»,-делінген Көліктегі санитарлиялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.