00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорданың ангиохирургтері павлодарлық әріптестерімен тәжірибе алмасты

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорданың ангиохирургтері павлодарлық әріптестерімен тәжірибе алмасты

Дәрігерлердің айтуынша, соңғы уақытта бұл дерт әйел адамдар арасында белең алып барады. «Хабар 24» телеарнасының мәліметінше, елімізде бұл операция соңғы алты жыл бойы жасалып келеді. Енді облыстардағы ауруханаларда да қолға алынды.

Өткен жылы елорданың өзінде 100 ота өткізілсе, биыл екі есе көп. Өңірлерде де ауруға шалдыққандар қатары азаймай тұр.

Мамандардың айтуынша, жергілікті медициналық ұйымдарда операцияның бұл түрін енгізу үшін техникалық және кадрлық мүмкіндік бар.

Евгений Мун, Нұр-Сұлтан қалалық №1 қалалық ауруханасының ангиохирургі Евгений Мунның айтуынша, өкінішке қарай, бұл операция кей облыстарда жасалмайды. Қан тамырлар хирургтері жеткілікті болса да, медициналық тәжірибе енгізіле қоймаған. Ол осы олқылықтың орнын жою мақсатында өңірлерді аралап жүргендерін айтты.

Павлодар қалалық №1 ауруханасының дәрігер-ангиохирургі Радик Муфасаловтың айтуынша, елордалық әріптестерінің көмегімен бұл операция түрі бойынша тәжірибелерін молайтып жатқанын айтты. Кейін науқастар алысқа бармай-ақ сапалы медициналық қызметпен қамтылады.