Енді вакцинация паспорты мен ПТР тест анықтамасы қажет емес
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында келесідей шешімдер қабылданды:
Бірінші, ағымдағы жылдың 8 маусымынан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктерге ҚР Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын (COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы) құжаттық растау бойынша, ал олар болмаған кезде ПТР әдісімен COVID-19 зерттеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсыну міндетті талабын алып тастауды;
Екініші, Республиканың 7 өңірдегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу пункттердін жұмыс істеуге тыйым салуды алып тастау туралы шешім қабылдады.