00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Дәрігерлер шетелде білімін жетілдіреді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Дәрігерлер шетелде білімін жетілдіреді

Біздің басты мақсатымыз - медицина саласындағы мамандардың білімін жетілдіру. Атырау өңіріне Израильдегі ең үздік медициналық орталықтың мамандары келіп, шеберлік сағаттарын өткізуде. Сондай-ақ, Атыраудан 80 дәрігерін 2-3 ай көлемінде Израиль, Ресей, Түркия, Германия сынды мемлекеттерге өз білімдерін жетілдіру мақсатында жіберу жоспарлануда, деді А.Байдуәлиев.

Шеберлік сабақтың  мақсаты облыста медицина саласында жұмыс жасап жатқан кадрлардың деңгейін арттыру. Олардан жақсы нәтижие шығарып, тұрғындарға ем алуға қолайлы жағдай жасау. Денсаулық сақтау басқармасы да Атырау халқының басқа елге бармай, өз жерінде ем алуға барлық мүмкіндіктерді жасауға дайын. Арнайы медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіп, дәрігерлерді үнемі жетілдіруде. Бұл шеберлік сағаттарынан кейін мамандарға арнайы Халықаралық деңгейдегі сертификаттар беріледі, деді MVI медициналық орталықтың бас директоры Н.Меллех.

Айта кетейік, алдағы жылдары Атырауда бірқатар медициналық орталықтарды ашу жоспарланып отыр.