00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бас санитар дәрігер ревакцинация туралы қаулыға қол қойды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бас санитар дәрігер ревакцинация туралы қаулыға қол қойды

Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар коронавирусқа қарсы ревакцинацияға жатады, - делінген қаулыда.

Коронавирусқа қарсы ревакцинация алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі.

Ревакцинация алгоритмінің 130-тармағына төмендегідей редакция енгізілді.

Коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары (басымдылығы бойынша) мына адамдар коронавирусқа қарсы қайта ревакцинациялауға жатады:

- медицина қызметкерлері;

- медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы;

- күш құрылымдарының қызметкерлері;

- педагогтар;

- пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті;

- 50 жастан асқан адамдар.

Осы қаулы 2022 жылға 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.