COVID-19 жұғуын тоқтатпағанша пандемия еш жерде аяқталмайды - ДДСҰ
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Басылымның мәліметінше, ұйым коронавирустың омикрон штамының екі жаңа кіші түрін бақылап жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы BA.4 және BA.5 штамдарының жұқпалы екенін анықтау үшін бағалау тізіміне қосқанын айтты.
ДДСҰ қосымша мутацияларға байланысты жаңа кіші түрлерді бақылауды бастады, олардың иммундық қорғаныс әлеуетіне әсерін түсіну үшін қосымша зерттеу қажет, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс әлемде COVID-19 пандемиясының әлі аяқталмағанын айтты. Ол соңғы аптада COVID-19-дан өлім саны азайып жатқанын, бірақ вирус өте жұқпалы екенін, дамуын жалғастырып жатқанын айтты.
COVID-19 пандемиясы әлі аяқталған жоқ. Ол жұғуын тоқтатпағанша пандемия еш жерде аяқталмайды, – деді ДДСҰ басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елорда емханаларында Face ID көмегімен пациенттерді қабылдау жүргізіліп жатыр
21 қараша, 2024
Сіз дұрыс тамақтанып жүрсіз бе
20 қараша, 2024
Риддердегі аурухана құрылысын аяқтауға 28 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
13 қараша, 2024
Енді Алматыда балалардың күрделі көз аурулары лазердің көмегімен емделетін болады