00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бүйректегі тасты отасыз жоюдың жолы табылды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бүйректегі тасты отасыз жоюдың жолы табылды

Дәрігер Харпер бастаған білікті мамандар бүйректе пайда болатын тасты түсіретін тың технологиясын жария еткен. Америкалық ғалымдардың бұл әдісі бүйректегі тасты отасыз алуға мүмкіндік беретін тиімді ем-домға айналуы мүмкін. Бұл бағытта сарапшылар BWL (импулсті-толқын литотрипсия) технологиясын пайдалануды ұсынып отыр. Яғни, бүйректегі тасты уату үшін ультрадыбыстың арнайы «қысқа гармониялық жарылыстары» пайдаланылады.

Ғалымдардың айтуынша, соққы толқынына қарағанда осы тәсілмен бүйректегі тас тез уатылады. Бұдан бөлек, бұл процедура үшін анестезияның  қажеті болмайды.

Бұл тараптағы жүргізілген тәжірибеге қатысқан, бүйректеріне тас байланған 19 науқасты он минут бойы ультрадыбыс толқынның әсеріне ұшыратады. Нәтижесінде бүйректегі тастың 90 пайызы жойылған. 39 пайызында тастар ыдыратылған, 52 пайызында ішінара ыдыраған. Бүйректегі тастардың үлкендігі процедурадан соң екі миллимтерден аспаған.