Жүрек ауруынан хабар беретін 9 белгі
Massaget.kz порталының жазуынша, төмендегі 10 белгі жүрек ауруының алғашқы хабаршылары болып саналады.
1. Кеуденің ауырсынуы. Мамандардың пікірінше, кеуденің ауырсынуы – ең көп таралған белгі. Кеуде тұсыңыз шаншып немесе сыздап ауырса, жүрекке УДЗ немесе кардиограмма жасату керек. Бірнеше минуттан астам уақытқа созылған қатты ауырсыну кезінде жедел жәрдем қызметіне жүгінген жөн.
2. Тәбеттің жоғалуы, жүрек айнуы, асқазанның ауыруы немесе ауырлық сезімі. Әрине, жүрекке ешқандай қатысы жоқ көптеген себепке байланысты ас қорыту жұмысы бұзылуы мүмкін. Соның бірі– ешқандай себепсіз жүрек айну немесе кеудедегі ыңғайсыздық белгілері байқалса, дәрігерге барған дұрыс. Себебі қан ағымының төмен болуы – жүрек қызметі нашарлығының белгісі.
3. Қол мен аяқтың ауыруы. Сол жақ иығыңыз, немесе бірден екі қолыңызда ауырсыну байқалса, бұл – жүрек ауруының айқын емес белгілерінің бірі. Егер жақын арада дененің бұл бөліктерін зақым келмеген болса (мысалы, соққыдан), маманға көрінген абзал. Себебі аяқ артерияларының ауырсынуы – перифериялық тамыр ауруының белгісі. Яғни аяқтың тамырларында проблема болса, жүректі тексерту керек.
4. Тершеңдік. Бұл өз алдына қорқынышты емес. Бірақ онымен бірге әлсіздік те байқалса, онда дәрігерге көрінген дұрыс. Себепсіз терлеу – жүрек ырғағының бұзылғаны туралы сигнал.
5. Шаршау – бұл жалпы көп ауруда кездесетін белгі. Шамадан тыс шаршау миокард инфарктісі сияқты жүрек ауруының белгісі болып саналады. Егер қимыл қозғалыс кезінде тез шаршасаңыз және бұл жағдай бірнеше күн бойы жалғасса, онда кардиологқа көрінген жөн. Себебі әлсіреген жүрек толық қан айналымын қамтамасыз ете алмайды, нәтижесінде ағзада қоректік заттар мен оттегінің жетіспеушілігі сезіле бастайды.
6. Естен тану немесе көздің қарауытуы. Көздің қарауытуы, көру қабілетінің төмендеуі түрлі себептерге байланысты болады. Жалпы себеп – әдетте қан қысымның кенеттен төмендеуі миға оттегінің жетіспеушілігіне әкеледі. Сондай-ақ естен тану жүрек клапандары жұмысының бұзылуы салдарынан болуы мүмкін.
7. Қатты қорылдау. Адамның ұйықтап жатып қорылдауы – жиі кездесетін құбылыс. Қорылдау шынымен де адам денсаулығы үшін қауіпті. Себебі қорылдаған кезде тыныс алу тоқтап қалуы мүмкін. мұны медицинада апноэ деп атайды. Яғни оттегі жетіспеушілігіне байланысты адам инфаркт пен инсульт сияқты ауруларға душар болады. Сондықтан қорылдауды жәй ғана әдет деп қарамай, уақытылы қаралған дұрыс.
8. Себепсіз ентігу. Тыныс алудың қиындауы – қандағы оттегінің аз екендігінің алғашқы белгісі. Көбіне оған физикалық белсенділік себеп болады. Оттегінің жетіспеушілігі қан айналымының нашарлауынан, өз кезегінде жүрек қызметінің бұзылуынан туындауы мүмкін.
9. Ұзақ уақытқа созылған жөтел. Көп жағдайда жөтел суық тигеннен пайда болады. Егер жөтел бірнеше апта ішінде басылмаса, дәрігерге көрінген жөн. Себебі ұзақ уақытқа созылған жөтел аллергияны немесе бронхитті асқындыруы мүмкін. Алайда, кей жағдайда бұл – жүрек ауруының белгісі.