ДДСҰ: Бір аптада коронавирустан қайтыс болғандар саны 43% артты
Бұл көрсеткішті алдыңғы аптамен салыстырғанда, көз жұмғандар саны 43 % өсіп, инфекцияның 14 % азайғанын аңғаруға болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының апталық бюллетенінде айтылғандай, 21-27 наурыз аралығында COVID-19 жұқтырғандар саны алдыңғы аптамен салыстырғанда 14 % төмендеді. Алайда дәл осы кезеңде өлім саны 43 % артты. Бұл Америка өңірінің кейбір елдерінде (Чили және АҚШ) COVID-19 өлімін анықтаудағы өзгерістерге және Үндістан мен Оңтүстік-Шығыс Азия өңірінен алынған деректерді ретроспективті түзетуге байланысты болып отыр.
Бір апта ішінде ДДСҰ-ға 10 805 132 адамның инфекция жұқтырғаны туралы хабарлама түсті. 45 711 өлім дерегі тіркелді. Өткен аптамен салыстырғанда ауру жұқтырғандар саны алты өңірде азайған. Әсіресе, Шығыс Жерорта теңізін, Африка мен Батыс Тынық мұхиты өңірін атап өту керек. Еуропада 4 % төмендеген. Америка мен Оңтүстік-Шығыс Азияда көз жұмғандар саны артты, - делінген бюллетеньде.