Балалар неге семіздікке шалдығуда
Арнайы жүргізілген зерттеу нәтижелері көрсеткендей, елімізде балалардың 25,5 пайызы күн сайын таңғы ас ішпейді. Балалардың 63,1 пайызы күнделікті жеміс-жидек жемейді. Күнде таңғы ас ішу баланың үйлесімді дамуы мен семіздіктің алдын алу үшін өте маңызды. Құрамында қант бар сусындар ішкен дұрыс емес. Оларды тұтынуды шектеу керек. Күніне 3-5 порция жеміс пен көкөніс жеген абзал, - деді Жанар Қалмақова.
Оның айтуынша, балалардың 69,9 пайызы спорт немесе би секцияларына қатыспайды. 13,2 пайызы күніне 1 сағаттан аз уақыт ойнайды немесе белсенді қозғалады.
Орташа немесе жоғары қарқындылықтағы физикалық белсенділікке күніне кем дегенде 60 минут уақыт бөлу керек. Осы ретте, мектепке барғанда және қайтқанда жаяу немесе велосипедпен жүру – аптасына бес-алты күн қосымша физикалық белсенді болудың жақсы тәсілі, - деді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының міндетін атқарушы.