Зейнетақы жинағын бала еміне жұмсауға рұқсат берілетін болды
Алушыларға біржолғы зейнетақы төлемдерін өз баласын емдеуге пайдалануға жол беріледі, - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің ашық нормативтік-құқықтық актілер порталына орналастырылған бұйрығының жаңа редакциясында.
Құжаттың жаңа редакциясына сәйкес:
- өтініш беруші қорытындыны алғаннан кейін медициналық ұйымды (соның ішінде шетелдік ұйымды қоса алғанда) таңдайды;
- шарттың сканерленген нұсқасын немесе төлем шотын әрі қарай бекітеді;
- уәкілетті оператордың интернет-ресурсындағы өзінің жеке кабинетінде дәрігерлік комиссияның қорытындысын қоса бере отырып, онымен медициналық қызметтер көрсету туралы шарт жасасады.
Алушы ұсынған біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатына сәйкес келген кезде, уәкілетті оператор алушыдан құжаттарды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын тексереді.
Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттар мыналар: медициналық ұйым мен алушы арасында жасалған медициналық қызметтер көрсету туралы шарт және (немесе) дәрілік заттарды сатып алуға сатушы мен алушы арасындағы шарт. Медициналық қызметтерді шетелде алу кезінде деректемелерді (төлем шотын) және (немесе) медициналық ұйым мен алушы арасында жасалған медициналық қызметтерді көрсету туралы шартты (құжаттар шет тілінде жасалған жағдайларда нотариалды куәландырылған аудармасын қоса бере отырып) көрсете отырып, төлемді жүзеге асыру үшін қажетті құжатты ұсынуға жол беріледі.