Қазақстандықтар қандай аурулардан жиі қайтыс болады
2016 жылғы, яғни кейінгі бес жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда елімізде өлім-жітім бірден 38,5%-ға өскен.
Мысалы, 2020 жылдың сәйкес кезеңінде қайтыс болғандар саны 162,6 мың адам болған. Осылайша өлім саны 21,8%-ға артқан.
Өңірлер арасында ең көп өлім-жітім Шығыс Қазақстан облысында болды: 18,8 мың адам. Бұл бір жыл бұрынғыдан 13,1%-ға артық.
Одан кейін Алматы облысы (18,7 мың адам, плюс 15,3%) және Алматы (18,4 мың адам, плюс 25,6%) келеді.
Ең аз өлім саны Маңғыстау облысында тіркелді: 4,5 мың адам. Көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 6,4%-ға көп.
Ranking.kz мәліметінше, қайтыс болғандар санының ең көп өсімі Алматы қаласында, ең азы Түркістан облысында (жылына 4,3%-ға 13,6 мың адамға дейін) байқалады. 17 облыстың тек біреуінде – Қызылорда облысында ғана бір жылда қайтыс болғандар саны 4,2%-ға азайып, 5,8 мың адамға жеткен.
Дүниежүзінде коронавирус өршіп тұрғанына қарамастан Қазақстанда адамдар ресми деректер бойынша (өлімнің белгілі себептерінің ішінде) көбіне қан айналымы жүйесі ауруларынан қайтыс болды.
Өлімге себеп болған аурулар арасында екінші орынды респираторлық аурулар алады: жылына 20,8 мың адам (11,1%).
Одан кейін түрлі ісіктен болған өлім-жітім саны: жылына –14,5 мың адам.