00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

Е.Қиясов жекелеген жағдайларда Қазақстан аумағында коронавирустың пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналармен ковидке қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайтадан жүргізу туралы айтты. 

Қайта вакцинацияланау кімдерге жүргізіледі:

Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық деңгейде білдіру мақсатында шетелге шығатын адамдарға;

- "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге және үкіметаралық келісімдер/шарттар, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелге оқуға жіберілетін адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған тізім бойынша растайтын құжаттарды (студенттік виза, оқу орнынан шақыру) ұсынған кезде;

- Шетелдік оқу орындарына өз бетінше түскен және үкіметаралық келісімдер немесе академиялық ұтқырлық шеңберінде оқитын студенттерге және Work and travel бағдарламасы бойынша баруды жоспарлаған студенттерге және олардың отбасы мүшелеріне ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған тізім бойынша растайтын құжаттарды (студенттік виза, оқу орнынан шақыру) ұсынған кезде;

- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде емдеу қажеттілігін растайтын құжаттарды ұсынған кезде шетелде емдеуге жіберілетін пациенттерге, сондай-ақ оларды емдеу үшін алып жүретін адамдарға жүргізуге жол беріледі.