ДДСҰ 5 жастан асқан балаларға Pfizer вакцинасын қолдануға рұқсат берді
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Мәлімдемеге сәйкес, ДДСҰ консультативтік тобы 5-11 жас аралығындағы балаларға Pfizer/BioNTech вакцинасының қолданысын кеңейтуді ұсынды. Балаларға 10 микрограмға дейін азайтылған доза ұсынылады, бұл 12 жастан асқан балалардың дозасынан үш есе аз.
Сонымен қатар ДДСҰ консультативтік тобы қауіп тобына жататын адамдарға, мысалы, қарттар немесе медицина қызметкерлеріне алғашқы екпеден 4-6 ай өткен соң коронавирусқа қарсы бустерлі вакцинацияны ұсынды.
ДДСҰ иммундау бөлімінің басшысы Кейт О'Брайен консультативтік топтың шешімдеріне түсінік бере отырып, ұйымда балаларға коронавирусқа қарсы вакцинаның бустерлі дозасы қажет екені туралы ешқандай дәлел жоқ екенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елорда емханаларында Face ID көмегімен пациенттерді қабылдау жүргізіліп жатыр
21 қараша, 2024
Сіз дұрыс тамақтанып жүрсіз бе
20 қараша, 2024
Риддердегі аурухана құрылысын аяқтауға 28 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
13 қараша, 2024
Енді Алматыда балалардың күрделі көз аурулары лазердің көмегімен емделетін болады