Елордада шомылу рәсімі болмайды
SARS-CoV-2 «Омикрон» штамының айналымын, елорда тұрғындары арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттану жағдайларының күрт өсуін және қаланың «қызыл» аймаққа көшуін ескере отырып, Нұр-Сұлтанда марафондарды, спорттық, отбасылық, естелік іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) өткізуге және оларға қатысуға тыйым салынады.
«Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде 30 адамға дейінгі еске алу шараларын ұйымдастыруға рұқсат беріледі. Сондай-ақ, елорданың санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалада жаппай шомылуды ұйымдастыруға және өткізуге, «шомылдыру рәсімі» мерекесі кезінде қасиетті суды таратуға, ұжымдық іс-шараларға, атап айтқанда жұма намазына, діни рәсімдерге, нысандар мен діни бірлестіктердің аумағында – мешіттерде, шіркеулерде, соборларда, синагогаларда және т.б. өткізуге тыйым салынған.