00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада қарт кісілерді Pfizer препаратымен қайта вакцинациялау басталды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада қарт кісілерді Pfizer препаратымен қайта вакцинациялау басталды

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес «Комирнати» (Pfizer) вакцинасын қолдана отырып, коронавирустың ауыр көріністерінің даму қаупі жоғары медицина қызметкерлерін, 60 және одан жоғары жастағы адамдарды КВИ-ға қарсы ревакцинациялауға рұқсат етілген.

Елордалық емханаларда азаматтардың осы санатын америкалық екпемен қайта вакцинациялауға кірісті. Алайда, ревакцинация вакцинацияға қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарға ғана рұқсат етіледі. Pfizer тек медициналық мекемелерде қолжетімді, оны сауда орталықтарындағы вакцинация пунктерінен алу мүмкін емес, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, қала бойынша азаматтарды вакцинациялау және ревакцинациялау үшін 31 егу пункті ашылды: 26-сы – медициналық ұйымдарда, 4-еуі – сауда орталықтарында және «Нұрлы жол» теміржол вокзалында.

Бүгінгі күні қала бойынша 25 800-ден астам адам қайта вакцинацияланды.

Елордада эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты дәрігерлер аурудың ауыр ағымын немесе өлімді болдырмау үшін азаматтарға КВИ-ге қарсы екпені мүмкіндігінше тезірек алуға шақырады.