00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанға шетелден келгендердің бәрінде ПТР сынамасы болуы тиіс

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанға шетелден келгендердің бәрінде ПТР сынамасы болуы тиіс

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, Қазақстанға шет мемлекеттерден келетін барлық жолаушылар (оның ішінде екпе алғандар) COVID-19-ға ПТР сынамасының теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынуы тиіс.

Анықтама алған күннен бастап Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен сәтке дейін 72 сағат бойы жарамды болып саналады.

Анықтама ағылшын, орыс немесе қазақ тілінде болуы керек. 

Атап өтілгендей, COVID-19 үшін ПТР сынамасының теріс нәтижесі бар анықтама болмаған жағдайда, барлық жолаушылар, соның ішінде Қазақстан азаматтары ұшып шығу әуежайынан бортқа жіберілмейді.