Елімізде жаңа жылдан бастап МӘМС жарнасы өзгерді
Айта кетері, жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақы 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін, ал АЕК 2 917 теңгеден 3063 теңгеге дейін өсті.
Тиісінше, 2022 жылы МӘМС төлемдері де артты:
-жұмыс беруші қызметкері үшін оның жалақысының 3%-ін төлейді, бірақ сома мөлшері 18 мың теңгеден аспайды;
-қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатындар өз кірісінің 2%-ін аударады, бірақ 12 мың теңгеден аспайды;
-жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатындар – ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ін немесе 4 200 теңге төлейді.
Бірыңғай жиынтық төлем (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін) мөлшері:
-қала тұрғындары үшін –1 АЕК немесе 3 063 теңге;
-ауыл тұрғындары үшін – 0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге.
Дербес төлеушілер ең төменгі жалақының 5%-ін немесе 3 мың теңге төлейді.
Жеңілдікке ие 15 санатқа жататын азаматтар үшін жарнаны мемлекет аударады. Бүгінде мұндай тұрғындардың саны 11 миллионнан асады. Бір адам үшін жарна мөлшері – 3 614,2 теңге.
Қазақстанда МӘМС жүйесі 2020 жылдың қаңтарынан бастап толығымен күшіне енді.