00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жас математиктеріміз халықаралық олимпиадада 6 медальге ие болды

13 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жас математиктеріміз халықаралық олимпиадада 6 медальге ие болды
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Жапонияның Тиба қаласында өткен 64-ші халықаралық математикалық олимпиадада (IMO-2023) қазақстандық оқушылар бірден алты медальға ие болды,   деп хабарлады Elorda.info.

Оған әлемнің 112 елінен барлығы 618 оқушы қатысып жатыр. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстан құрамасы екі күміс және төрт қола медаль жеңіп алып, әлемдік есепте 21-ші орынға ие болды. Олар: 

II орын – Мирон Юркевич – Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің 10- сынып оқушысы;

II орын – Райымбек Байшуақ – Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы;

III орын – Жан Даутов - Қостанай облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

III орын – Батырхан Сакенов – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12- сынып оқушысы;

III орын – Владимир Роговский – Павлодар қаласының №8 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;

III орын – Марғұлан Шарел – Жамбыл облыстық «Білім-инновация» лицей- интернатының 10-сынып оқушысы.

«Біздің ұлттық құраманың математика пәнінен халықаралық олимпиадада қол жеткізген нәтижелері мақтануға тұрарлық. Қазақстандық оқушылар әр қатысқан жылдары 16 алтын, 44 күміс, 75 қола медаль және 28 мақтау қағазын алды. Дәл осындай олимпиадалардың жүлдегерлеріне отандық ЖОО-на конкурстан тыс негізде оқуға мүмкіндіктер қарастырылған. Сонымен қатар жеңімпаздар мен жарысқа дайындаған ұстаздарына бір реттік ақшалай сыйлық беріледі», - деді Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов.