Тамыздағы бірыңғай тестке 15 мыңнан аса талапкер қатысты
Ғылым және жоғары білім министрлігі тамыз айындағы бірыңғай тесттілеудің нәтижесін жариялады, деп хабарлады Elorda.info
Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша 15 мыңнан астам талапкер тамыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырған.. Оның ішінде түлектердің 65,27% қазақ тілінде, 34,44% - ы орыс тілінде, 0,29% - ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Тамыздағы ҰБТ сертификатымен талапкерлер жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсе алады.
Тестілеу қорытындысы бойынша 8 мың талапкер шекті балл жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының шамамен 56%-ын құрайды. ҰБТ орташа балы 55 балды құрады. Ең жоғары балл – 125 балл.
ҰБТ-ны тапсырған талапкерлерде бейіндік пәндер комбинациясын өзгертіп, тамыздағы тестілеуге қатысу мүмкіндігі болды. ҰБТ өткізу барысында 45 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 29 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ,-делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Естеріңізге сала кетсек, тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, жоо-ға ақылы негізде түсу үшін өткізіледі. Сонымен қатар жоо-да ақылы негізде өз мамандығы бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектері оқуға әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады.