00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Соңғы қоңырау өткізуге ешқандай шектеу жоқ – министрлік

15 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Соңғы қоңырау өткізуге ешқандай шектеу жоқ – министрлік

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова оқу жылының аяқталуына байланысты соңғы қоңырау шараларын өткізуге ешқандай шектеу жоқ екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес мектептерде оқу мерзімі 2023 жылдың 31 мамырында аяқталады. Мектептер салтанатты шара өткізу туралы шешімді де өздері дербес қабылдайды. Оқу-ағарту министрлігі соңғы қоңырау өткізуге қатысты барлық мектеп дәстүрлерін қолдайды. Сонымен қатар, министрліктің нормативті құжаттарында мұндай шаралар бұрын болмаған және қазір де жоқ екенін атап өтсем деймін, - деді вице-министр.

Оның айтуынша, биыл 288 мыңнан астам түлек 9-сыныпты тәмамдағалы отыр.

Биыл 18 мыңнан астам мектепке дейінгі, орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім ошақтары биылғы оқу жылын аяқтауға әзірлік үстінде. Бұл ұйымдарда биылғы оқу жылында 5 миллионнан астам оқушылар мен тәрбиеленушілер білім, тәрбие алды. Осы жылы 288 мыңнан астам түлек 9-сыныптарды тәмамдауда, олар алдағы уақытта 10-сыныпты жалғастыру немесе колледжге түсу туралы шешім қабылдайтын болады. 11-сыныптарды барлық меншік түріндегі мектептер бойынша 172 мыңнан астам түлек бітіруде. Олар енді болашақ мамандықтарын таңдайды, - деді Шолпан Каринова.