Мектептердің 90%-да кедергісіз орта қалыптастырылды – министрлік
![Олжас Сүлейменов](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Мектептердің 90%-да кедергісіз орта қалыптастырылды – министрлік](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/12/173459471429681382.webp)
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті білім беру ортасын құру бағытында жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің мектептерінің 90%-да кедергісіз орта құрылды, ал балалардың арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылуы 80%-ға жетті. Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған қолдау кабинеттері мен жеке бағдарламалар үшін жаңа талаптар әзірленді.
«Инклюзивті және кедергісіз білім беру ортасын құру – барлық оқушылар үшін тең білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін негізгі фактор. Арнайы ұйымдар желісі 496-ға дейін көбейді, одан бөлек 96 балаларды қолдау кабинеті ашылды», - дейді Оқу-ағарту министрлігінің инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бұтабаева.
Қазіргі уақытта елімізде барлығы 221 ППТК, 105 ПМПК және 1 071 ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау кабинеті жұмыс жасайды.
![Мектептер мен колледждерде «111» байланыс орталығының QR-кодтары іске қосылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/01/173735293725721592.webp)
![Астаналық оқушылар Жәутіков олимпиадасында 14 медаль жеңіп алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/01/173731689426554756.webp)
![Қазақстандық оқушылар XXI халықаралық Жәутіков олимпиадасында 116 медаль жеңіп алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/01/173713592132068005.webp)
![Қазақстан 34 шетелдік жоғары оқу орнымен серіктестік келісім жасасты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/01/17371071943691714.webp)